СҚО өңірлік кадр резервіне 20 үміткер қабылданды
Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік кадр комиссиясының отырысы өтті. Отырыста кандидаттарды өңірлік кадр резервіне қабылдау мәселесі қаралды.
Мемлекет басшысы білімді жастар, сыни тұрғыдан ойлайтын ел патриоттары елімізді басқаруға белсене атсалысуы керектігін бірнеше рет атап өтті. Кадрлық резерв жастарға осындай үлкен мүмкіндік береді.
Облыстық кадрлық резервке іріктеу 5 кезеңнен тұрды. Резервке өту үшін 35 жастан аспаған, жоғары білімді жəне 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар азаматтар қатысты. Барлығы 167 өтініш түсті, ақтық кезеңге 34 үміткер өтті.
Отырыстың қорытындысы бойынша облыстық кадр резервіне 20 үміткерді алу туралы шешім қабылданды. Олар 2 жыл бойы жергілікті мемлекеттік органдардың түрлі лауазымдарына конкурссыз орналасуға мүмкіндік алды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -