СҚО спортшылары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында үш алтын еншіледі
Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды. Дүбірлі додаға 89 елдің спортшылары қатысты. Қазақстан құрамасы 43 алтынды қанжығасына байлап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
Ел қоржынына 3 алтынды солтүстікқазақстандық спортшылар салды. Қазақ күресінен
Мейіржан Берекетов
чемпион атанса,
Сәния Әскер
құрама сапында бес асықтан жеңіс тұғырына көтерілді. Ал құнан бәйгеде
"Қамысқұлақ"
атты біздің сәйгүлікті мінген шабандоз
Әмір Серік
мәре сызығын бірінші болып кесті.
"Ұлттық спортты әлемге танытып, ел намысын абыроймен қорғаған спортшыларымыз бен бапкерлерді жеңіспен құттықтаймын", - деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -