СҚО зауыты тасқыннан зардап шеккендердің жаңа үйлері мен пәтерлеріне жиһаздар мен тұрмыстық техника алады
Облыстық әкімдікте «ЗИКСТО» АҚ мен Петропавл қаласының әкімдігі арасында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа үйлер мен пәтерлерді жиһаз және ірі тұрмыстық техникамен қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатқа Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев пен «ЗИКСТО» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Айдос Бекмағамбетов қол қойды.
Қайырымдылық көмек көрсету мақсатында «ЗИКСТО» зауыты 520 жаңа үй мен 197 пәтерді жиһаздар мен үлкен тұрмыстық техникамен қамтамасыз етеді.
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов кәсіпорынның басшылығына тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға демеушілік көмек танытқаны үшін алғысын білдірді
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -