Сіздерді Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрметті жерлестер!Қадірлі тіл жанашырлары!
Сіздерді Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп халқымыздың тағдыры үшін, тілі үшін күрескен, қазақ әліпбиінің негізін салған Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс тойланады. Сондықтан осынау атаулы күнге тіл мерекесін үйлестіріп, атап өтудің маңызы мен мәні зор.
Бүгінгі таңда елімізде жүргізіліп отырған сындарлы тіл саясаты – толерантты тілдік орта қалыптастыруда аса маңызды қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени құндылықтардың бірі. Еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің тату-тәтті, ынтымақ-бірлікте өмір сүруіне үйлесімді тіл саясаты тікелей ықпал етеді. Тәуелсіздік алған уақыттан мемлекеттің сындарлы саясатымен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, өзге этностардың тілдерін сақтап қалуға, оқып-үйренуге қолдаулар көрсетіліп келеді.
Халқымызда «Тіл – ұлттың тірегі» деген салмақты сөз бар. Ендеше, тірегімізге тіреу болайық, Тәуелсіздігімізге сүйеу болайық. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі арта берсін! Қазақстан халқы тілдері күні құтты болсын!
Құрметпен, Мансұр АхметовПриозерск қаласының әкімі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -