С. Жақыпова азаматтарды қабылдады
28 мамырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізіп, еліміздің әр өңірінен келген 17 адамның мәселелерін қарады.
Қабылдауға келген азаматтар министрге мүгедектігі бар адамдарды, балалы отбасыларды, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған аналарды қолдау шараларына, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен Семей полигоны ардагерлерінің мәртебесін қайта қараудың жекелеген жағдайларын қарауға байланысты сұрақтарын қойды.
Сонымен бірге, платформалық жұмыспен қамту, жұмысқа орналасуға көмектесу және жұмыстан заңсыз босату туралы өтініштер қаралды.
Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмек көрсетуді тапсырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -