Сағадат Нұрмағамбетовтың жүз жылдық мерейтойында жас сарбаздар Отанға адал болуға ант берді: Түркістан облысы, 27 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Сағадат Нұрмағамбетовтың жүз жылдық мерейтойында жас сарбаздар Отанға адал болуға ант берді

Сағадат Нұрмағамбетовтың жүз жылдық мерейтойында жас сарбаздар Отанға адал болуға ант берді

Сағадат Нұрмағамбетовтың жүз жылдық мерейтойында жас сарбаздар Отанға адал болуға ант берді

Сағадат Нұрмағамбетовтың жүз жылдық мерейтойында жас сарбаздар Отанға адал болуға ант берді

Сағадат Нұрмағамбетовтың жүз жылдық мерейтойында жас сарбаздар Отанға адал болуға ант берді

Кеңес Одағының Батыры, №1 Халық қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу-жаттығу орталығы сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсімі батырдың ғасырлық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойғаннан кейін Құрлық әскерлері әскери

институтының «Әли» оқу-жаттығу орталығында салтанатты түрде әскери ант беру рәсімі өтті. Іс-шараға әскери жоғары білім ордасы мен оқу-жаттығу орталығының басшылығы, оқытушылар мен нұсқаушылар, әскерге жаңа келгендердің туған-туыстары қатысты. Көктемде әскер қатарына алынған 46 сарбаз салтанатты жағдайда Отанға және Қазақстан халқына адал болуға ант берді. Жас жауынгерлерді осындай айтулы күнмен институт басшылығы мен олардың туыстары құттықтады. Бір айлық қызмет барысында сарбаздар жас жауынгер курсын оқып, жалпыәскери жарғыларды, қарудың тактикалық-техникалық сипаттамаларын үйренді, саптық, атыс және дене шынықтыру дайындығынан өтті. – Бүгін – маңызды күн. Мұндай оқиға әскери қызметшінің өмірінде бір-ақ рет болады. Отанға қызмет ету үшін әскерге өз еркіммен келдім. Бұл әр адамның борышы деп санаймын, – деді Түркістан облысынан әскерге шақырылған сарбаз Оспан Ерғали. Іс-шара соңында сарбаздар саптық алаңда салтанатты маршпен жүріп өтті. Ресми бөлімнен кейін институт басшылығы мен оқу орталығының өкілдері әскери қызметшілердің ата-аналарымен әңгімелесіп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Келген қонақтарды әскери қызметтің шарттармен таныстырып, оларға оқу аудиторияларын, казарма мен асхананы көрсетті.

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Кеңес Одағының Батыры, №1 Халық қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу-жаттығу орталығы сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсімі батырдың ғасырлық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойғаннан кейін Құрлық әскерлері әскери <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>институтының «Әли» оқу-жаттығу орталығында салтанатты түрде әскери ант беру рәсімі өтті. Іс-шараға әскери жоғары білім ордасы мен оқу-жаттығу орталығының басшылығы, оқытушылар мен нұсқаушылар, әскерге жаңа келгендердің туған-туыстары қатысты. Көктемде әскер қатарына алынған 46 сарбаз салтанатты жағдайда Отанға және Қазақстан халқына адал болуға ант берді. Жас жауынгерлерді осындай айтулы күнмен институт басшылығы мен олардың туыстары құттықтады. Бір айлық қызмет барысында сарбаздар жас жауынгер курсын оқып, жалпыәскери жарғыларды, қарудың тактикалық-техникалық сипаттамаларын үйренді, саптық, атыс және дене шынықтыру дайындығынан өтті. – Бүгін – маңызды күн. Мұндай оқиға әскери қызметшінің өмірінде бір-ақ рет болады. Отанға қызмет ету үшін әскерге өз еркіммен келдім. Бұл әр адамның борышы деп санаймын, – деді Түркістан облысынан әскерге шақырылған сарбаз Оспан Ерғали. Іс-шара соңында сарбаздар саптық алаңда салтанатты маршпен жүріп өтті. Ресми бөлімнен кейін институт басшылығы мен оқу орталығының өкілдері әскери қызметшілердің ата-аналарымен әңгімелесіп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Келген қонақтарды әскери қызметтің шарттармен таныстырып, оларға оқу аудиторияларын, казарма мен асхананы көрсетті.

Аймақтағы жаңалықтар