Сайөтес ауылында оң өзгеріс көп
Маңғыстау ауданына қарасты Сайөтес ауылында көше жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Ауыл көшелеріне 9 шақырымды қамтитын 300 электр бағаны мен 300 жарық шамы орнатылды.
Бұдан басқа, 1965 жылы салынған ескі екі қабатты 19 үйдің 15-іне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, апаттық жағдайда деп танылған 3 үйдің тұрғындарына жаңа баспана салынуда.
Тағы бір жағымды жаңалық Сайөтес ауылында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Нысанның құрылысы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Мәдениет үйінде 200 орындық концерт залы мен үйірмелер үшін бірнеше кабинет қарастырылған. Әдіскер, ансамбль, хор, вокаль, көрермен залы, сахна, гример, костюмер бөлмелері, би, домбыра, қолөнер үйірмелері, жарық-дыбыс студиялары мен мамандарға арналған кабинеттер заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Құны 691 миллион теңге болатын жаңа ғимаратта ауыл кітапханасы да орналасты.
Айта кетсек, Сайөтес ауылдық клубы алғаш рет 1965 жылы теміржол ғимаратында ашылған. Клуб құрылымында 1983-2010 жылдар аралығында ән, домбыра үйірмелері мен 10 көркемөнерпаз жұмыс істеген. Қазіргі таңда клубтың құрамы 12 адамға толығып, 131 көркемөнерпаз және 6 құрылым халыққа қызмет көрсетіп отыр.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -