«Самұрық-Қазына» АҚ Жоғары аудиторлық палата берген нұсқамадан кейін активтерді бәсекелес ортаға беру қағидаларын өзгертті
Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді бәсекелес ортаға беру қағидаларына өзгерістер енгізді.
Жекешелендіру саласындағы мемлекет саясатының және мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті қызметінің (2016-2020 және 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарлары) тиімділігіне жүргізілген аудит қорытындысы бойынша бірқатар кемшілік анықталды.
Мәселен, активтерді сату бойынша өткізілетін аукциондар мен конкурстарды ақпараттық сүйемелдеудің нашар болуы сатып алушылардың болмауына әсер еткен факторлардың біріне айналды. Атап айтқанда, танымал емес ақпараттық платформалар мен құралдар пайдаланылған.
Бұдан басқа, Жоғары аудиторлық палата «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының активтерін сатып алу-сату шарты талаптарының орындалуына бақылау сатушы тарапынан олардың сақталу анықтығын қамтамасыз етпейтінін анықтады.
Осыған байланысты шара қабылдау және «Самұрық-Қазына» АҚ және ұйымдардың Активтерін бәсекелес ортаға беру қағидаларына қажетті өзгерістер енгізуге тапсырма берілді. Атап айтқанда, сауда-саттық өткізу туралы хабарламаларды ресми сайтта, әлеуметтік желілердегі парақшаларда, сатушылар мен басқа да мүдделі тұлғалардың арналарында жариялау, сондай-ақ сатып алу-сату шарты талаптарының орындалуына тиісті бақылау жүргізу үшін растайтын құжаттарды міндетті түрде талап ету.
Нәтижесінде Қор директорлар кеңесінің шешімімен 2024 жылғы 26 сәуірде жоғарыда аталған Қағидаларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Жоғары аудиторлық палата нұсқамасы орындалды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -