Сандықтау ауданында Жабай өзенін тереңдету жұмыстары жалғасып жатыр
Балкашино ауылында Жабай өзенінің арнасын тереңдету және жағалауын нығайту бағытындағы ауқымды жоба іске асырылып жатыр. Жұмыс ауыл аумағындағы өзеннің жағалауын қамтып, су ағымын реттеу және ықтимал су басу қаупінің алдын алуға бағытталған.
Аталған жобаның орындалу барысымен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов танысты. Мердігер ұйымның мәліметінше, ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын учаскеде жұмыс жүргізілуде, соның 79 пайызы бүгінде аяқталған. Құрылысқа 26 маман мен 10 арнайы техника жұмылдырылған, олардың қатарында экскаваторлар, бульдозерлер мен тиегіштер бар. Құрылыстың қарқынын арттыру мақсатында жұмыстар екі ауысыммен ұйымдастырылған.
Бизнеске тән әлеуметтік жауапкершілік аясында мердігер компания өз бастамасымен қосымша жұмыстарды да қолға алған. Сандықтау ауылында 100 метрлік жағалау бөлігі бекітілсе, Петровка өзенінде 300 метрлік аумақта, ал Каменка ауылындағы Сарқырама өзенінде 100 метрлік бөлікте арнаны бекіту және тереңдету шаралары жүргізілді.
Бұл кешенді шаралар өзен арналарынан судың еркін өтуін қамтамасыз етіп, су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде үлкен көлемдегі су қауіпсіз жолмен бөлініп, жергілікті тұрғындарың көктемгі су тасқынынан қорғау мүмкіндігі едәуір артты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -