Саран қаласындағы стадионынның футбол алаңы қайта жаңартылды
Саран қаласындағы «Сұнкар» стадионындағы футбол алаңына жаңа көгал төселді. Бұл ALAÑ футбол алаңдарын жаңарту бағдарламасының жемісі. Қазақстан футбол федерациясы қаланың 70 жылдық мерейтойына осындай тосын сый жасауды жөн көріпті.
Жаңа алаңда алғашқы жаттығу өткізілді. Жас футболшыларға арналған шеберлік сабағын жобаның амбассадоры, ұлттық құраманың экс-капитаны Самат Смақов өткізді.
– Біз Саран қаласында футбол алаңын ауыстыру үшін ҚФФ-ға өтініш бердік. Барлық инстанциялар арқылы біздің өтінішіміз мақұлданып, армандаған итальяндық сапалы алаң салынды. Мұнда футболмен шамамен 300 бала айналысады. ҚФФ президентіне және қала әкімдігіне алғыс айтамыз. Олар стадионның күрделі жөндеуін де жүргізді. Біз мұнда тек қалалық, облыстық емес, республикалық деңгейдегі көптеген турнирлер өткізетін боламыз, – деді Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының төрағасы Николай Бублинский.
Стадион 4 мың көрерменге арналған. Қайта жаңғырту жұмыстары тек 15 жыл бұрын жүргізілген.
– Мен 2009 жылдан бері футболмен айналысып келемін. Ал Саран қаласынла менің жолым басталды. Қазақстан футбол федерациясына осындай шағын қалада тамаша алаң салғаны үшін алғыс айтамын. Бұны ұзақ уақыт көрмеген едік, бәрі өте жоғары сапада жасалынған. ALAÑ жобасы Қазақстанның барлық өңірлерінде жалғасын тапса, балалар жаттығып, халықаралық аренада өздерін сынап көрсе деп тілеймін, – дейді әйелдер ұлттық құрамасының ойыншысы Анастасия Низамутдинова.
ҚФФ-ның ALAÑ футбол алаңдарын жаңарту жобасы УЕФА-ның қолдауымен 2023–2025 жылдарға арналған. Бұл Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – спорттық инфрақұрылымның сапасын жақсарту және футболды насихаттау.
Қазірдің өзінде Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Петропавл, Өскемен, Аягөз, Ақсу, Балқаш, Жезқазған, Қызылорда, Атбасар және Жетісу өңірдерінде 12 алаң жаңарланады. Жалпы, Қазақстан бойынша 20 футбол алаңы жаңартылмақ.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -