Семейдегі облыстық жедел жәрдем ауруханасында пациенттерді қолдау қызметі ашылды
Семейдегі облыстық жедел жәрдем ауруханасында пациенттерді қолдау қызметі ашылды. Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова пациенттерді қолдау орталығы даулы жағдайларды жедел шешуге және дәрігерлермен өзара іс-қимыл жасауға көмектесетінін атап өтті.«Президенттің тапсырмасы аясында Семей қаласында дәрігерлерді кәсіби сақтандыру жүйесін енгіздік. Сонымен қатар, пациенттердің мәселелері тез арада шешілсін деген ниетпен осындай орталықтарды ашып жатырмыз. Қазіргі таңда республика бойынша 6 мыңнан астам адам осы қызметте жұмыс атқаруда. Бұл орталық Абай облысының тұрғындарына септігін тигізеді деген сенімдемін» деді Денсаулық сақтау министрі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -