ШҚО-да өрт қауіпсіздігін арттыру үшін 125 мыңнан астам аула аралау жұмыстары аяқталды
ШҚО-да өрт қауіпсіздігін арттыру үшін 125 мыңнан астам аула аралау жұмыстары аяқталды
ШҚО-да тұрғын сектордағы өрт қауіпсіздігін арттыру мақсатында 125 мыңнан астам аула аралау жұмыстары аяқталды. Осы ауқымды шаралардың аясында пешпен жылытылатын үйлер мен әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтардың тұратын үйлеріне ерекше назар аударылды. Бұл туралы ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Болат Тоқтарғалиев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.
Алдын алу шаралары барысында 3101 пешпен жылытылатын үй тексеріліп, өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталды. Алғашқы кезеңде 1300-ден астам сәйкессіздік тіркелді, олардың ішінде ең кең таралғандары — пештердегі жарықтар мен саңылаулар, бітеліп қалған түтін желдеткіштері, ыстыққа төзімді тақталардың болмауы және электр желілеріндегі ақаулар — сымдардың жалғануы, ашық сымдар және бекітілмеген қосқыштар болды.
Қайталап тексеру барысында ТЖД қызметкерлері аталған бұзушылықтардың көбісін жоюға көмектесті. 234 үйдің пештері мен электр жүйелері өрт қауіпсіздігі талаптарына сай жөнделді және жылу жабдықтарын пайдалану ережелері бойынша толық түсініктемелер берілді.
Бұл алдын алу шараларының жұмыстары бүгінгі күні оң нәтиже беруде. Өңірдегі өрттен қаза болғандардың саны 7%-ға, улы газбен улану жағдайлары 47%-ға азайды. Бұл жылыту маусымында улы газдан өртсіз қаза болғандар тіркелген жоқ.
Қазіргі уақытта улы газдан қорғау шараларының бірі — пешпен жылытылатын үйлерге датчиктер орнату болып табылады. 2024-2025 жылдары өңірде 812 осындай құрылғы орнатылып, пешпен жылытылатын үйлердің 86%-ның қаіпсіздігін қамтамасыз етті.
Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында әлеуметтік тұрғыдан осал және қозғалысы шектеулі азаматтарға көмек көрсетілді. Өңірдің түрлі аудандарында түтін арналарын тазарту, пештердегі жарықтарды жою және ыстыққа төзімді тақталарды орнату бойынша жұмыс жүргізілді.
Алдын алу шаралары кезінде әлеуметтік көмек бағдарламаларына ерекше назар аударылды. Мысалы, Глубокое ауданында отбасыларға пештерді ауыстыру және электр желілерін жөндеу бойынша көмек көрсету бағдарламасы жүзеге асырылды. Биыл үш отбасы, оның ішінде екі көпбалалы және бір аз қамтылған отбасы 100 МРП көлемінде жәрдемақы алды.
ШҚО ТЖД тұрғындарға пешпен жылытуды және электр желілерін дұрыс пайдалану ережелерін сақтаудың маңыздылығын ескертеді. Мамандар пештерді күйеден кемінде үш айда бір рет тазартуды, түтін құбырлары мен қабырғаларды әктеуді, пештің алдында металлдан жасалған қыздырғыш тақтаны орнатуды және күл мен қалдықтарды дұрыс жоюды ұсынады.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыс алдағы уақытта да жалғасады, оның мақсаты — өрт шығу қауіптерін азайту және азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтау.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -