ШҚО әкімі археологтармен кездесті
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев археологтар Нұрбол Баймұханов және Дмитрий Воякинмен жүздесті.
Кездесу барысында алдағы зерттеу перспективалары талқыға салынды. Атап айтқанда, спутниктік суреттер арқылы Қара Ертіс жағасында және Зайсанда орта ғасыр тарихынан сыр шертетін ескерткіштердің бар екені белгілі болды. Бұған дейін түркі әлемінің тарихындағы бұл кезең зерттелмеген. Ол халықаралық қауымдастық тарапынан зор қызығушылық тудыруда.
Ермек Көшербаевтың айтуынша, тың деректерді зерттеп, қоғам назарына ұсынғысы келетін археологтардың ғылыми жобалары мұқият зерттелетін болады. Сонымен қатар бұл бастамаға Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің ғалымдары мен мамандары тартылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -