ШҚТУ-да инженерлік білім берудің жаңа моделі талқыланды: Астана қаласы, 03 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ШҚТУ-да инженерлік білім берудің жаңа моделі талқыланды

Ғылым және жоғары білім министрлігінің жұмыс тобы әзірлеген Қазақстан Республикасының Инженерлік білім беруді дамыту тұжырымдамасы шетелдік және отандық сарапшыларға Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде өткізілген «Инженерлік білім: проблемалар, трендтер, үздік тәжірибелер» халықаралық конференциясының алаңында ұсынылды.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төраға орынбасары Джарасова Гүлжан инженерлік-техникалық білім берудің жаңа моделін таныстыра отырып, инженерлік кадрларды даярлаудың жоғары оқу орнына дейінгі, жоғары оқу орнында және жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейлерінің сабақтастығының маңыздылығын атап өтті.

Салалар бойынша бағдарламалардың құрылымы мен мазмұны (базалық инженерлік курстар, әлеуметтік-гуманитарлық курстар, бейіндік курстар, орнықты даму, цифрлық дағдылар, жасанды интеллект) инженерлік білім беру моделінің орталық желісін алады және колледждердің, ЖОО-лардың білім беру бағдарламаларын синхрондауға және олардың икемділігіне бағытталған сертификаттау жүйесін, оның ішінде микроквалификацияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Оқытудағы басты назар CDIO принциптерін қолдана отырып, тәжірибеге бағдарлануға бағытталған.

Сонымен қатар, модель техникалық университеттердің өндіріспен толық интеграциясын қарастырады: аумақтық жақындық, мазмұнды тәжірибеге бағдарлау, нақты өндірістік процестер мен технологиялар.

Тиісінше, инженер-техниктердің, инженер-технологтардың, кәсіби инженерлердің біліктілігін тану бойынша халықаралық жүйелерге интеграциялау бойынша жұмыс басталады.

Биылғы жылы жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейде инженер-ғалымдарды даярлау үшін индустриялық PhD бойынша кадрлар даярлау басталды. Индустриялық PhD қолданбалы инженерлік-техникалық міндеттерді шешу және ғылым, білім және өндірістің интеграциясын күшейту үшін ғылыми кадрларды даярлау мақсатында докторларды даярлауды көздейді.

Сондай-ақ инженерлік білім берудің жаһандануы сапаны қамтамасыз ету жүйесін өзгертеді.

Жоғары оқу орнына дейінгі деңгейде мектептерде инженерлік сыныптар ашу бойынша мәселелерді пысықтау көзделеді. Бұл жұмыс «Мамандығым-болашағым» бағдарламасы аясында күшейтіледі.

1 қыркүйектен бастап 2 жоғары оқу орнында (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті) инженерлік білім берудің жаңа моделі бойынша кадрлар даярлау басталды, кейіннен тағы 3 жоғары оқу орнын қосу жоспарлануда және келесі жылдан бастап жаңа модель еліміздің барлық жоғары оқу орындарында масштабталатын болады.

Sin Mon Chean, co-leader CDIO Asia Region (Сингапур) CDIO тұжырымдамасын екі аспект бойынша қарастыруды ұсынды (силлабус, стандарт), ал Rajermani Thinakaran (Malaysia) тұрақтылық принципінің маңыздылығын атап өтті. Малайзия, Корея, Ұлыбритания, АҚШ және Ресей Федерациясының спикерлері ҚР-да инжегерлік білім беруді дамытудың жаңа тұжырымдамасында көрсетілген аспектілерді өз баяндамаларымен толықтырды.

Айта кету керек, бұл тұжырымдама алғаш рет инженерлік бағыттар Оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген отырыстарында а.ж. 8 маусымда ұсынылды, 21 маусымда РОӘК отырысында талқыланды, сондай-ақ 2024 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым, жоғары білім және тіл саясаты мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысында таныстырылды.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар