"Шахтер" ФК жаңа атқарушы директоры тағайындалды
"Шахтер" ФК директорлар кеңесінің шешімімен атқарушы директор лауазымына табысты кәсіпкер, қоғам қайраткері және меценат Талғат Дүйсеков тағайындалды. Кадрлық өзгерістер туралы клубтың ресми сайтында хабарланды.
«Жаңа басшының спорттық менеджмент саласында да тәжірибесі бар. 2022–2023 жылдары Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамындағы «Асық ату» бірлестігін басқарды. Қысқа мерзім ішінде ұйымдық құрылымды қалыптастырып, асық ату алаңында тұңғыш рет Азия чемпионатын өткізген», – деп жазылған хабарламада.
Жаңа басшыға «Шахтёр» клубын қазіргі дағдарыстан шығару міндеті қойылды. Сондай-ақ клубты қайта құрылымдау мен сауықтыру міндеттелді.
Облыс әкімі тапсырмасымен клубтың даму стратегиясын бір ай ішінде әзірленуі қажет. Сонымен қатар, жаңа басшының алдында балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту мәселесін де шешу міндеті тұр.
«Клубтың жаңа басшысы жаттықтырушылар құрамына шетелдік мамандарды тарту туралы келісімге келді. Бүгін команданың жаңа маусымға дайындығын Чех менеджері Иржи Ярошик жүргізетіні белгілі болды», - делінген хабарламада.
Джири Ярошик – кәсіби футболшы. Ол Англия ("Челси" құрамында), Шотландия ("Селтик" құрамында), Чехия ("Спарта" құрамында) Ресей (ЦСКА құрамында) чемпионы болды. Испанның Примера дивизионында («Сарагоса» және «Алавес» құрамында) табысты өнер көрсетті. UEFA Pro лицензиясы бар. Ол Еуропа чемпионаттарының жоғарғы дивизиондарында кәсіби клубтарды жаттықтыруға құқық береді. Бұған дейін ол Чехия, Словакия, Словения және Ресей клубтарын жаттықтырды.
Ярошик жаттықтырушылық міндетінен бөлек, қарағандылық футбол мамандарының біліктілігін арттырумен айналысатын болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -