Шахтинск қаласы бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің кондоминиум объектісін басқару үшін қатысушыларды анықтау және тағайындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-2-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес «Шахтинск қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ №2 қосымшаға сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлердің кондоминиум объектілерін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау жөнінде конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Өтінім, көп қабатты үйлердің тізімдері және үлгі шарт қоса беріледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау орны: Шахтинск қаласы, Калинин көшесі 17, 2 кабинет.
Комиссия хатшысы: Абиева Асель Ханатовна
Байланыс деректері: жұмыс телефоны, 872156/35897, ұялы. тел. 87757469110.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастау 31.07.2024ж.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы 13.08.2024ж.
Конкурсқа қатысуға қойылатын біліктілік талаптары
Уақытша басқарушы компания уақытша басқарушы компания тұрғын үй инспекциясының көппәтерлі тұрғын үйді басқару үшін ұсынылған басқарушы компанияға қойылатын жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуі керек:
1) құқық қабілеттілігіне ие болу;
2) қаржылық орнықты болуы және тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салықтық берешегінің болмауы;
3) банкроттық немесе тарату процедурасында болмау.
Қатысуға өтінім (басқарушы компаниялар үшін)
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -