Шахтинск қаласына газ тартылады
Қарағанды облысын газдандыру жалғасуда. Қарағанды мен Теміртауда көгілдір отын 7 621 үйге тартылды. Жақында Шахтинск қаласында табиғи газды пайдалану мүмкіндігі пайда болады. Серіктес қалада жоба өткен жылдан бастап іске асырылуда, биыл автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы аяқталуы тиіс.
Аппараттық кеңесте газ саласының дамуы талқыланды.
– Қарағандыда бесінші іске қосу кешені бойынша, Теміртауда екінші кезектегі бірінші және екінші іске қосу кешені бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Шахтинск қаласында биыл АГТС құрылысын аяқтап, қала шегіне жоғары қысымды газ құбырын жеткіздік. Осакаров ауданын және Саран қаласының ішкі желілерін газдандыру үшін ЖСҚ бар. Ақтау және Ғабиден Мұстафин кенттерін газдандыру жобасы бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, – деді энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тілектес Досаев.
Шахтинск қаласынан басқа, газды Северо-Западный ауылына беру жоспарлануда.
Жиналыста тұтынушылардың газға қосылуын қамтамасыз ету керектігі туралы да айтылды. "ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясы белсенді үгіт-насихат жүргізуде, тұтынушыларға жеңілдетілген несиелер алу мүмкіндіктері түсіндірілуде. Компанияның мәліметінше, жыл басынан бері 2000 абонент қосылды.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындарды көгілдір отынға қосу қарқынын арттыру үшін тапсырма берді.
– Бұл тұтынушылардың өздеріне байланысты. Бірақ біз мүмкіндігінше көмектесуіміз керек. Құжаттарды ресімдеу, қаржылық қолдау процестерін жетілдіру қажет, – деп атап өтті өңір басшысы.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -