Шегірткеге қарсы химиялық өңдеуге қатысты қазіргі ахуал: Астана қаласы, 18 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Шегірткеге қарсы химиялық өңдеуге қатысты қазіргі ахуал

Қазақстанда шегіртке зиянкестерінің таралуына қатысты жағдай бақылауда қалып отыр.

18 маусымдағы жағдай бойынша өңдеу шаралары 1,4 (бір миллион төрт жүз мың) га аумақты қамтыды. Оған 2500 (екі мың бес жүз) адам, 427 (төрт жүз жиырма жеті) арнайы техника жұмылдырылды.

Ақтөбе облысында итальяндық прус пен азиялық шегірткеге қарсы өңдеу шаралары барлық 12 ауданда жүргізілуде.

Бүгінгі таңда өңдеуге жоспарланған 777 мың гектардың 450 мың гектарында жұмыс аяқталды, бұл жалпы көлемнің шамамен 60% құрайды.

Атап айтқанда, Ойыл ауданында 54000 га аумақ өңделді.

Мамандардың айтуынша, қолданылатын препараттар 85%тиімділігін  көрсетті.

74 техника жұмылдырылды.

Тұрақты жағдайға қарамастан, шегірткелердің пайда болу орындарын анықтау бойынша мониторингтік тексерулер жалғасуда. Бұл жұмысқа 600-ге жуық адам жұмылдырылған.

Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімов осы өңірде жұмыс атқаруда.

Облыстағы жағдай бақылауда. Препараттар мен техника жеткілікті.

Түркістан облысында химиялық өңдеу аяқталды, мароккалық шегірткеден 348 (үш жүз қырық сегіз) мың гектар жер өңделді. Мониторингтік тексерулер жалғасуда.

Қостанай облысында итальяндық прус пен азиялық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жалғасуда, 210 (екі жүз он) мың гектар жер өңделді. 130 (жүз отыз) қызметкер тартылды. 55 (елу бес) бірлік техника қолданылады.

Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында 350 (үш жүз елу) мың гектар жер өңделді.

Айта кету керек, фермерлер өңдеу жұмыстарына көмектесуде: атап айтқанда, сумен қамтамасыз етіп, шегіртке зиянкестерінің кездесетін жерлері туралы ақпарат беріп отырады.

Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында химиялық өңдеулерді жүргізу өңдеуге жататын алаңдардың анықталуына қарай басталады.

Жағдай тұрақты, бірақ шегірткелердің таралу қаупін болдырмау және жаңа ошақтарды анықтау мақсатында Мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық және аудандық аумақтық инспекцияларының мамандары Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының зерттеушілерімен бірге мониторингтік тексерулер жүргізуді жалғастыруда.

Шекара маңындағы аумақтардан шегірткелердің ұлып келу қаупі де бар.

Жүргізілген химиялық өңдеулердің тиімділігін төмендетуге жол бермеу, тұрақты фитосанитариялық жағдайды сақтау мақсатында көрші елдерге Қазақстан Республикасынан шекара маңындағы аумақта шегірткелердің таралуын бақылауды күшейту жөнінде жедел шаралар қабылдау туралы хаттар жолданды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі қорғаныс шараларын дер кезінде ұйымдастыру бойынша кешенді шараларды қолға алуда.

Біз азаматтар мен БАҚ өкілдерін жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөздерден алынған ақпаратты басшылыққа алуға шақырамыз.

Ақпарат көзі: Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар