«Шекарасыз шығармашылық»: Қарағандыда инклюзивті көрме өтеді
Қарағанды облыстық музейі 8 қарашада сағат 16:00-де «Өмір тамаша!» көрмесіне шақырады. Экспозиция 13 қарашада атап өтетін Халықаралық зағиптар күніне арналады.
Өздерінің жеке шығармашылық жұмыстарын мүмкіндігі шектеулі азаматтар ұсынады. Олар Қарағандыдағы зағип және нашар көретіндерге арналған мәдениет үйінің тәрбиеленушілері.
Көрмеге келушілер акварель, акрил, майлы бояумен салынған суреттерді, табиғи материалдар, мата және қағаздан жасалған аппликацияларды, сондай-ақ мүсіндеу, киіз басу, тігу және тоқыма жұмыстарын көре алады. Нашар көретін «Өрнек-Shimai» үйірмесінің фотографтары әлемге өз көзқарастарын бөлісіп, 100-ге жуық еңбегін ұсынады.
Көрменің ашылу салтанатында көркемөнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама жоспарланған.
Көрме 17 қарашаға дейін жалғасады.
Музейдің мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 76.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -