Шорт-тректен ел чемпионаты: елордалық спортшы 500 метрге жарыста жеңіске жетті: Астана қаласы, 04 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Шорт-тректен ел чемпионаты: елордалық спортшы 500 метрге жарыста жеңіске жетті

Елорданың «Сарыарқа» велотрегінде шорт-тректен Қазақстан чемпионатының екінші жарыс күніндегі жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарыстың екінші күнінде спортшылар спринтте (500 метр) жекелей сынға түсіп, әйелдер және ерлер командалық эстафетада өзара мықтыны анықтады.

Ерлер арасында 500 метрге жарыста Ұлттық құрама көшбасшыларымен қоса жас спортшылар сынға түсті. Тартысты финалда 20 жастағы Астана қаласының спортшысы Айбек Нәсен аға буындағы қарсыластарынан асып түсіп, чемпион атанды. Күміс жүлдені тағы бір жерлесіміз Абзал Әжіғалиев еншіледі.

Әйелдер арасында қызық, әрі тарихи оқиға тіркелді. Бірден үш спортшыға қола жүлде табысталды. Халықаралық конькишілер одағының (ISU) жаңа ережесіне сәйкес, ұлттық чемпионаттар мен халықаралық жарыстардың финалында бірнеше спортшы пенальти алса, олардың бәріне үшінші орын беріледі.

Енді жекелей сынның «В» финалында 5-8 орынға таласқан спортшылар жүлделі орынға дейін көтеріле алмайды. Ондай мүмкіндік тек Олимпиада, Азия ойындары, Универсиада секілді үлкен жарыстарда ғана беріледі. Осылайша, 500 метрде Астаналық ару Малика Ермек тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.

Командалық әйелдер эстафетасында (3000 м) Астана командасы топ жарды. Батыс Қазақстан облысы екінші орынға тұрақтап, Қостанай облысының қыздары қола еншіледі.

Ерлер арасындағы командалық жарыста (5000 м) Астана қаласының спортшылары тағы да чемпион атанса, Ақмола облысы күміс жүлдегер, Шымкент қаласының шорт-трекшілері қола жүлдегер атанды.

Енді 1000 метр мен аралас командалық эстафетаның жеңімпаздары анықталады. Ал 5 қазанда бапкерлер мен төрешілер құрамы жалпы жиналыс өткізіп, іріктеуден сәтті өткен және әлемдік жарыстарға жолдама алған спортшылар тізімін жариялайды.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Елорданың «Сарыарқа» велотрегінде шорт-тректен Қазақстан чемпионатының екінші жарыс күніндегі жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарыстың екінші күнінде спортшылар спринтте (500 метр) жекелей сынға түсіп, әйелдер және ерлер командалық эстафетада өзара мықтыны анықтады.

Ерлер арасында 500 метрге жарыста Ұлттық құрама көшбасшыларымен қоса жас спортшылар сынға түсті. Тартысты финалда 20 жастағы Астана қаласының спортшысы Айбек Нәсен аға буындағы қарсыластарынан асып түсіп, чемпион атанды. Күміс жүлдені тағы бір жерлесіміз Абзал Әжіғалиев еншіледі.

Әйелдер арасында қызық, әрі тарихи оқиға тіркелді. Бірден үш спортшыға қола жүлде табысталды. Халықаралық конькишілер одағының (ISU) жаңа ережесіне сәйкес, ұлттық чемпионаттар мен халықаралық жарыстардың финалында бірнеше спортшы пенальти алса, олардың бәріне үшінші орын беріледі.

Енді жекелей сынның «В» финалында 5-8 орынға таласқан спортшылар жүлделі орынға дейін көтеріле алмайды. Ондай мүмкіндік тек Олимпиада, Азия ойындары, Универсиада секілді үлкен жарыстарда ғана беріледі. Осылайша, 500 метрде Астаналық ару Малика Ермек тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.

Командалық әйелдер эстафетасында (3000 м) Астана командасы топ жарды. Батыс Қазақстан облысы екінші орынға тұрақтап, Қостанай облысының қыздары қола еншіледі.

Ерлер арасындағы командалық жарыста (5000 м) Астана қаласының спортшылары тағы да чемпион атанса, Ақмола облысы күміс жүлдегер, Шымкент қаласының шорт-трекшілері қола жүлдегер атанды.

Енді 1000 метр мен аралас командалық эстафетаның жеңімпаздары анықталады. Ал 5 қазанда бапкерлер мен төрешілер құрамы жалпы жиналыс өткізіп, іріктеуден сәтті өткен және әлемдік жарыстарға жолдама алған спортшылар тізімін жариялайды.

Аймақтағы жаңалықтар