ШЫҰ аясындағы екіжақты кездесулер
Бүгін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапты министрліктері мен ведомстволары басшыларының бесінші кеңесі аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Министр алғашқы екіжақты кездесуді Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен өткізді.
Е. Нысанбаев атап өткендей, Қазақстан ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың белсенді қатысушысы болып табылады және оның Ұйымға төрағалық етуімен оның жаһандық рөлін арттыруды жалғастыруға ниетті.
Сондай-ақ Министр ШЫҰ Хатшылығына ШЫҰ кеңістігіндегі ынтымақтастықты тереңдету үшін түрлі іс-шараларды ұйымдастыру мәселелеріне жәрдемдескені үшін ризашылығын білдірді.
Мәселен, қазақстандық тараптың бастамасымен және ШЫҰ Хатшылығының қолдауымен ағымдағы жылдың 28 ақпанында Найроби қаласында (Кения) БҰҰ қоршаған орта жөніндегі 6-шы Ассамблеясының (ЮНЕА-6) алаңдарында «ШЫҰ – БҰҰ: бір планета, бір болашақ: экологиялық тұрақтылық үшін күш-жігерді біріктіру» тақырыбында біздің алғашқы арнайы іс-шара ұйымдастырылғаны атап өтілді. Іс-шара қорытындысы бойынша ШЫҰ Хатшылығы мен БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) арасында өзара түсіністік туралы Меморандум жасалды.
Сондай-ақ, Министр өз сөзінде ШЫҰ Экология жылы аясында Қазақстанда өткізілетін іс-шараларға егжей-тегжейлі тоқталды.
Екінші кездесу, Қытай Халық Республикасының Экология және қоршаған ортаны қорғау Вице-министрі Ю Хуэйвэнмен сындарлы диалог түрінде өтті.
Кездесу барысында Е. Нысанбаев Қытай Халық Республикасы Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Біз қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше мән береміз және Қазақстан Республикасы осы саладағы заңнаманы жақсарту бойынша дәйекті жұмыс жүргізуде.
Осыған байланысты, 2021 жылы экологиялық реттеудің халықаралық тәжірибесін ескере отырып әзірленген және қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау үшін алдын алу шараларын қабылдауға бағытталған Қазақстан Республикасының жаңа экологиялық кодексі күшіне енгенін атап өту қажет.
Министрлік шетелдік озық тәжірибені ескере отырып, біздің экологиялық заңнамамызды жетілдіруді жалғастыруға ниетті.
Тараптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-қытай комиссиясының қызметіне тоқталды, ол қоршаған ортаны қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау және шешу үшін жақсы алаңға айналды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -