ШЫҰ кезінде Астанада қашықтан жұмыс форматы енгізіледі: Астана қаласы, 01 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ШЫҰ кезінде Астанада қашықтан жұмыс форматы енгізіледі

2024 жылдың 3-4 шілдесінде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ саммит өткізу кезеңінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында полицияның жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген режиміне ауыстырылды.

Азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, соның ішінде жол кептелісін болдырмау үшін мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 70 пайызы 2-4 шілде аралығында қашықтан жұмыс форматына ауыстырылады. 3-4 шілдеде мектепке дейінгі мекемелер де жұмыс істемейді.

Бұл – ірі халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде күшейтілген қауіпсіздік шаралары қабылданатын және азаматтарға ыңғайлы болу үшін ішінара қашықтан жұмыс енгізілетін әлемдік тәжірибе.



Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>2024 жылдың 3-4 шілдесінде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ саммит өткізу кезеңінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында полицияның жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген режиміне ауыстырылды.</p> <p>Азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, соның ішінде жол кептелісін болдырмау үшін мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 70 пайызы 2-4 шілде аралығында қашықтан жұмыс форматына ауыстырылады. 3-4 шілдеде мектепке дейінгі мекемелер де жұмыс істемейді.</p> <p>Бұл – ірі халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде күшейтілген қауіпсіздік шаралары қабылданатын және азаматтарға ыңғайлы болу үшін ішінара қашықтан жұмыс енгізілетін әлемдік тәжірибе.</p>

Аймақтағы жаңалықтар