ШЫМКЕНТТЕ 100 МЕТРЛІК ТУ ТҰҒЫРЫ ОРНАТЫЛДЫ
Шымкентте Республика күніне орай қаладағы ең биік ту тұғырына мемлекеттік ту көтерілді. Биіктігі – 100 метр.
Салтанатты рәсімге мегаполис әкімі, қалалық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, атақты спортшылар, БАҚ өкілдері және қаладағы жастар қауымы қатысты.
Қала тұрғындарын айтулы оқиғамен құттықтаған шаһар басшысы, “Tulip Hall” кешенінің жанында орналасқан жаңа мақтаныш пен бірлік нышаны қала тұрғындары мен қонақтары үшін тағы бір тартылыс орнына айналатынын атап өтті.
Көлемі 30×15 метрлік үлкен туды қаланың әр нүктесінен көруге болады. Салтанатты шараға жиналған тұрғындардың айтуынша, көкке көтерілген ту бірлік пен мақтаныш сезімін тудырып, баршаны бір ту астына жинайтындай әсер қалдырады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -