ШЫМКЕНТТЕ БІРІНШІ БОЛЫП ӘСКЕРИЛЕР ДАУЫС БЕРДІ
Шымкенттегі №6506 әскери бөлімінде орналасқан номері №89 сайлау учаскесінде таңдау жасау 06:00-де басталды.
Бөлімдегі 665 мерзімді әскери қызметшілер еліміздегі АЭС болу бойынша өтіп жатқан референдумге қатысып өз таңдауларын жасады. Учаскеде дауыс беруге және сайлаушылардың еркін таңдау жасауына мүмкіндік жасалған.
Ескерте кететін жайт, әскери қызметкерлер таңғы сағат 07:00-ден қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысатын болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -