ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылдың 27 қыркүйегінде Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді». Акция Шымкент қаласында Арбат аймағында (Бейбітшілік көшесі 4-6) сағат 16.00-де басталады.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез-келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерінен (прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар) тегін қажетті консультация ала алады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -