ШЫМКЕНТТЕ ӨРТ СӨНДІРУ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қолдауымен биылғы жылдың 10-15 маусым аралығында қала аумағында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер құрама командаларының арасында Қазақстан Республикасының кубогына VII турнир өтеді.
Турнирге еліміздің 300-ге жуық спортшылары қатысады. Жарыс төрт дисциплина бойынша өтеді: шабуыл сатысымен көтерілу, кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту, 4х100 м өрт эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю.
Турнир Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында және Темірлан тасжолы 18 мекенжайында орналасқан мамандандырылған жасақ аумағында өтеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -