Шығыс Қазақстан облысында aстық алқаптарының 84,6% - ы жиналды
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барып, егін жинау жұмыстарының барысымен танысты.
Министрге бүгінгі таңда өңірде астық алқаптарының 84,6% - ы жиналып, 472,1 мың тонна бастырылғаны баяндалды. Өнімділік орташа есеппен 22 ц/га құрайды.
Өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 43,0 мың тонна минералды тыңайтқыштар жөнелтілді.
1,3 млн тонна шөп немесе бір жарым жылдық жоспардың 86,0%, 161,0 мың тонна пішен, 134,3 мың тонна сүрлем, 46,1 мың тонна сабан және 43,7 мың тонна жем дайындалды.
«Темирлан и К» ЖШС алаңында өткен жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу барысында министр ағымдағы жылы көктемгі егіс жұмыстары мен егін жинау науқанын жүргізуге қаржыландыру 580 млрд теңгені құрағанын атап өтті. Бұл қаражат заманауи агротехнологиялар мен тыңайтқыштарды қолдануға бағытталған. Мәселен, өткен жылы жыл бойына 679 мың тонна тыңайтқыш енгізілсе, қазіргі уақытта ғана 1,2 млн. тонна сатып алынды.
«Агротехнологияларды енгізудің тиімділігін өзіңіз көріп отырсыз. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша алаңдардың 48% - ы жиналды. Қазір ең бастысы-егін жинау жұмыстарын оңтайлы мерзімде сапалы және шығынсыз жүргізу», - деді Айдарбек Сапаров.
Кездесу барысында аграршылар дизель отынын бөлу нормативтеріне, астық сатып алу бағасына, тұқым және балық шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтарды қолдау шараларына қызығушылық танытты.
«Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС Бас директоры Фарид Абитаев отандық тұқым шаруашылығын қолдау шараларын күшейтуді сұрады.
«Тұқым шаруашылығын дамыту бойынша кешенді жоспар қабылданды, оны қайта қарап, отандық тұқым шаруашылықтарын қолдау үшін түзетулер енгізетін боламыз. Бірақ сіз тұқымның сапасын қамтамасыз етуіңіз керек.
Қазір тұқымның 70% субсидияланады, гербицидтер 50%, тыңайтқыштар-60%, техника-30%, сүт беру, ет 20-дан 45 теңгеге дейін. Жалпы, шаруашылықтар жақсы мемлекеттік қолдау алуда, бірақ аграршылар да өз қаражаттарын салуы тиіс», - деп тапсырды Айдарбек Сапаров.
Сондай-ақ министр ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларын өз шаруашылықтарын жаңғырту және дамыту үшін қолжетімді қаржы құралдарын белсенді пайдалануға шақырды, бұл өңірлік АӨК тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
«Маңызды мәселе: бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. Сіздер халыққа, өз қызметкерлеріңізге жағдай жасап, қолдау көрсетіп, әлеуметтік нысандар салып, инфрақұрылымды дамытып, тұрғын үймен қамтамасыз етулеріңіз керек. Бұл кадр мәселесін де шешуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті министр.
Жұмыс сапары барысында Айдарбек Сапаров «Рулиха» ЖШС-нің 1080 басқа арналған сүт-тауар фермасына барып, қолданыстағы ферманы кеңейту жөніндегі жобаның іске асырылуымен танысты.
ЖШС СҚО тәжірибесін тираждау жөніндегі бағдарлама шеңберінде қаржыландыруды алды және ағымдағы жылы жобаны аяқтайды.
Сонымен қатар, министр Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында болып, оған дәнді, дәнді-бұршақты және майлы дақылдарды өсіру, тұқым шаруашылығы, сондай-ақ зерттеулер мен әзірлемелер туралы айтып берді.
Станция базасында тестілеу орталығы, Білімді тарату орталығы жұмыс істейді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -