Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Қытай Халық Республикасының ШҰАР Алтай ауданының басшысы Жеңіс Хадеспен кездесті
Кездесу барысында делегациялар ауыл шаруашылығы, көлік, логистика және туризм салаларындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
Ертіс өзені арқылы мультимодальдық тасымалдауды ұйымдастырып, «Майқапшағай-Зимұнай» жаңа шекаралық теміржолды салу ұсынылды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы мен Алтай ауданы арасында тікелей әуе қатынасын ашу ұсынылды.
Делегация өкілдері 2 елдің арасындағы туризмді дамыту мәселелерін де талқылады. Облыс әкімі Ермек Көшербаев «Қанас көлі– Марқакөл көлі– Катонқарағай ауылы» трансшекаралық туризм маршрутын дамыту бойынша бірқатар ұсыныстарын атап өтті.
Айта кетейік, бұл жоба Мемлекет басшысы жариялаған «ҚХР-дағы Қазақстан туризмі жылы» аясында өңірде туризм саласын дамытуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -