Шығыс Қазақстан облысының әкімі отандық өндірушілермен кездесті
Аймақ басшысы Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысыныңда сүт және сүт өнімдерін өндіретін бірқатар кәсіпорынның басшыларымен кездесті.
«Эмиль» және «Восток Молоко» компаниялары өз өнімдерінің ассортиментін көбейту үшін тұрақты негізде жұмыс істейді. Кездесу барысында тараптар саланы мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ өңірде сүт және сүт өнімдері өндірісін кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
- Біздің өнімдер табиғи таза және тұтынушылардың жоғары сұранысына ие. Біз өндірісті кеңейтуіміз керек. Ол үшін мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсететін боламыз. Біздің өнімдер супермаркет сөрелерінде тұруы керек, - деді Ермек Көшербаев.
Сондай-ақ өңір басшысы кешенді өңдеуге арналған шикізат өндіріп отырған шаруаларға да қолдау көрсетілетінін баса айтты.
Бүгінгі таңда облыс кәсіпорындары сүт өнімдерінің 100-ден астам түрін шығарып отыр.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -