Шығыс Қазақстан облысының транзиттік әлеуетін дамыту
Шығыс Қазақстан облысының транзиттік әлеуетін дамыту
ШҚО арқылы негізгі транзиттік ағындар «Алматы - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы» және «Омбы - Қалбатау - Майқапшағай» бағыттарында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Бұқтырма су қоймасы арқылы көпірдің ашылуы «Қытай - Қазақстан - Ресей» балама көлік дәлізін құруға ықпал етті. Бұл туралы ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.
- Бүгінгі күні «Майқапшағай» өткізу пунктінде «Eurotransit Terminal» ЖШС компаниясы жылына 180 мың тонна жүкті қабылдай алатын уақытша сақтау қоймасын салуда. Бұл жоба 2026 жылы аяқталады. Жоба іске қосылғаннан кейін жүктерге кедендік құжаттарды ресімдеу, тексеру және кедендік тазарту жұмысы айтарлықтай жеңілдейді, - деді Нұржан Жұмаділов.
Сондай-ақ, туристік әлеуетті арттыру үшін Катонқарағай және Зайсан курорттық аймақтарына жаңа әуежайлар салынып жатыр. Бұл жобаны «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асыруда. Жоспар бойынша 2026 жылға қарай әуежайлар іске қосылады. Алғашқы кезеңде Q400, ATR 42/72, CRJ200 ұшақтарын қабылдауға арналған ұзындығы 2200 метр, ені 35 метр жасанды ұшу-қону жолағы салынады. Кейін бұл көрсеткіштер Airbus A320 және Boeing 737 типті кең фюзеляжды ұшақтарды қабылдайтындай етіп кеңейтіледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -