Әскери теңізшілер Қарулы күштердің ардагерін мерейтойымен құттықтады
Алматыда Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері 23 тамызда 70 жасқа толған отставкадағы 1-ші дәрежелі капитан Марат Төлекбаевқа барды.
Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасенов пен Алматы қаласы әкімінің көмекшісі полковник Ержан Рымбеков Марат Әбсаттарұлына көп жылғы қызметі және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
– Сіз Әскери-теңіз күштерін құрудың бастауында тұрдыңыз. Әскери-теңіз институтының бастығы кезінде курсанттарға терең білім алуға үлес қостыңыз. Бүгін сіздің шәкірттеріңіз Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен бөлімшелерін басқарады, – деді полковник Жұмабек Хасенов. – Сіздің бай тәжірибеңіз әскери теңізшілердің қазіргі буыны үшін өте құнды.
Әңгіме барысында мерейтой иесі ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Марат Әбсаттарұлының екі атасы Ұлы Отан соғысына қатысып, майданда жараланған.
– Барлық сынақтардан абыроймен өткен аға буынның үлгісі қашанда ұрпаққа өнеге және Отанға жанқиярлықпен қызмет етуді солардан үйренуіміз керек, – деді ол.
Адмирал С. Макаров атындағы Тынық мұхиты жоғары әскери-теңіз училищесінің түлегі отставкадағы 1-дәрежелі капитан Марат Төлекбаев қонақтарға шын жүректен алғысын білдірді. Ол Әскери-теңіз күштерінің дамып келе жатқанын және жалпы армияда болып жатқан өзгерістерді қызығушылықпен бақылап отырғанын айтты.
Әскери қызметшілер Марат Әбсаттарұлына алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстап, ізгі тілектерін білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -