Солтүстік Қазақстан облысы Ассамблеясының сессиясы өтті
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Прогресс» сессиясына қатысты. Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сессияда алға қойған міндеттерін жүзеге асыру жолдары талқыланды.
Сессияда облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Ғауез Нұрмұхамбетов Ассамблеяның бірлікті нығайтуда алар ерекше орнын атап өтті.
Отырыста сөз сөйлегендер: Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Елена Семидоцких, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар Кеңесі төрағасының орынбасары Жангелді Тәжин.
Сессияда этномәдени бірлестіктер мен Ақсақалдар Кеңесінен Ассамблеяның қоғамдық орынбасарлары сайланып, Алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -