Солтүстік Қазақстан облысында шекаралық бөлімшелер салынуда
Облыстық әкімдікте аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен шекара бөлімшелерінің құрылысына қатысты жиын өтті. Селекторлық кеңеске ҚР көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев қатысты.
Қазір облыстағы 6 ауданда орналасқан 12 шекара бөлімшесінің құрылысы жүріп жатыр. Жобалар «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында жүзеге асуда. Құрылысқа тапсырыс беруші – Автомобиль жолдары комитеті, жұмысты екі мердігер жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, нысандардың құрылысы 2022 жылдың қыркүйегінде басталған. Қазір әрбір нысан бойынша айтарлықтай кешігу байқалады. Жиын қорытындысы бойынша құрылыс қарқынын арттырып, мердігер ұйымдардың жұмыс кестесін сақтауын қадағалау тапсырылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -