Солтүстік Қазақстан облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
2024 жылғы 31 мамыр күні Петропавл қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда.
Іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру.
Осыған байланысты, сағат 19:00-ден 22:00-ге дейінгі кезеңде Жабаев, Крепостная көшелері, сондай-ақ Володарский өткелі бойынша көлік қозғалысы шектеледі. Автобус маршруттары мен өзге де көлік құралдары үшін айналма жол ретінде Жамбыл өткелі пайдаланылатын болады (Қазақ драма театрының артында орналасқан).
Уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды, мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жалған мәліметтердің таралуына жол бермеуді сұраймыз.
Солтүстік Қазақстан облысының терроризмге қарсы
күрес жөніндегі жедел штабы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -