Солтүстікте заманауи креативті индустрия орталығы ашылды
Республика күні қарсаңында Петропавлда «Qyzyljar creative center» креативті индустрия орталығының ашылуы өтті. Салтанатты шараға СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, «Samruk-Kazyna Trust» бас директоры Альфия Әдиева, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин, аудан әкімдері, жастар және өңір жұртшылығы қатысты.
Бұл жоба Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған өңірлерде таланттарды тарту және шығармашылық өнімдерді коммерцияландыру ретінде Шығармашылық индустрия орталықтарын құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асты.
Жобаны СҚО әкімдігі «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырды. Ғимарат өзінің тарихи келбетін сақтай отырып, қайта жаңғыртылды. Шығармашылық жобаларды ауқымды ету үшін заманауи инфрақұрылым мен техникалық құрал-жабдықтар жасалды, инновациялық қондырғылар орнатылды.
Бұл мәдени мұра мен жаңа технологиялар ұштасатын Солтүстік Қазақстандағы креативті индустрияның дамуына ықпал ететін инновациялық хаб. Орталықтың ашылуы шығармашылық жобаларды жүзеге асыратын ШОБ субъектілеріне қолдау көрсету; жаңа жұмыс орындарын құру; креативті экономика үшін бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау, жастардың кетуін азайту, дарынды жастарды қолдау, шығармашыл жастарды біріктіруге септеседі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -