Строительство новых школ в Алматинской области: 53 школы на 54 600 мест
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Алматы облысында жаңа мектептер салудың ауқымды бағдарламасы басталды. 5 аудан мен Қонаев қаласында (Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Талғар және Қонаев) 54600 оқушыға арналған 53 білім ошағы салынады.
Қазіргі уақытта 2023-2024 жылдары басталған 24 900 орындық 26 мектептің құрылысы жүргізілуде. Қазірдің өзінде барлық нысандардың мердігерлері бар және құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Алматы облысының әкімдігі жобаға 1,9 млрд теңге, ал барлық 53 мектептің ИКИ құрылысына 5,9 млрд теңге бөлді.26 жоба оң сараптамалық қорытындыға ие болды.
2024-2025 жылдарға арналған жоспарларда 29 700 орындық 27 жаңа мектептің құрылысы бар. Бұл мектептердің жобалық-сметалық құжаттары сараптамаға жіберілді.
Алматы облысында жаңа мектептер салу бағдарламасы өңір балаларына сапалы білім беру жолындағы үлкен қадам.
-«Алматы облысында 53 жаңа мектептің ауқымды құрылысы басталғанын хабарлаймыз, және бұл оқуға қолайлы жағдай туғызып қана қоймай, үш ауысымда оқыту мәселелерін шешуде маңызды қадам болмақ. Жаңа мектептер қосымша 54 600 оқушыға орын береді, бұл бұрыннан бар мектептердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай балалардың жайлы жағдайда білім алуына мүмкіндік береді" - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -