Субұрқақты өз бетінше жаңартқаны үшін «Қазақстан» қонақ үйі иесіне сотқа талап арыз берілді
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, «Қазақстан» қонақ үйінің жанындағы субұрқақты қайта жаңарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары рұқсатсыз жүргізілді.
«Нысанда жұмыс тоқтатылды, «Crown Star» ЖШС меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1, 321-бөлігі бойынша шаралар қабылданды. Бүгінде басқарма ұйғарымды мәжбүрлі орындау үшін сотқа талап арыз береді», - делінген ведомство хабарламасында.
Алматы қаласы мәдениет басқармасының хабарлауынша, қонақ үйдің жанында көрсетілген субұрқақ ескерткіш болып табылмайды, алайда ол күзет аймағының аумағында орналасқан: «Қазақстан» қонақ үйінің ғимараты Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы қаулысына сәйкес, Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді. Осыған байланысты, нысан аумағында қандай да бір құрылыс немесе жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін меншік иесіне тиісті ғылыми-жобалау құжаттамасын дайындау және ғылыми-реставрациялау жұмыстар жүргізу қажеттілігін негіздеу қажет. Алайда бұл орындалмады, ғимараттың иесі басқармаға жүгінбеді».
Биыл сәуірде Мәдениет басқармасының қызметкерлері шағым түскен нысанды тексеріп, «Crown Star» ЖШС қонақ үй иесінен күзет аймағының аумағында құрылыс жұмыстарын тоқтатуды және бұзушылықтарды жоюды талап етті. Бұған қоса, 2024 жылы 24 мамырда Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасына қонақ үй иесін жауапкершілікке тарту туралы сұрау жіберілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -