Судағы қауіпсіздік: 10 мобильді топ құрылды
Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қарағанды облысында 10 мобильді топ құрылды, техника мен жүзу құралдары дайындалды. Аймақтың білім басқармасы лагерлерге орнату үшін модульдік-жақтаулы бассейндер сатып алмақ.
Дегенмен, балалар ересектердің қарауынсыз табиғи су қоймаларында жиі шомылады. Мәселен, жаздың басынан бері Бұқар Жырау ауданындағы Нұра өзенінде екі бала суға кеткен. Қыздар тыйым салынған жерде шомылған.
Демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің платформасында өткен брифингте айтылды.
– 1 мамырдан бастап ТЖД бөлімшелері ауқымды профилактикалық жұмысты бастады. Полициямен бірлесіп су айдындарында 1300-ден астам рейд, халықпен 50 мыңға жуық профилактикалық әңгіме өткізілді. Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 96 адамнан тұратын 10 мобильдік топ, 20 техника құрылып, 25 жүзу құралы дайындалды, – деп хабарлады брифингте Қарағанды облысы ТЖД ТЖ жою басқармасының бастығы Нұржан Жақатаев. – Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы бізге көмектесетін 82 қоғамдық құтқарушы оқытылды. Біз ата-аналарды балаларды су қоймаларына жалғыз қалдырмауға, оларды жағажайларда бақылап отыруға, сондай-ақ үйде қараусыз қалдырмауға шақырамыз. Жыл басынан бері көпқабатты үйлердің терезелерінен 14 бала құлады.
Ыстық күндері қауіпсіз демалысты қамтамасыз ету үшін өңірдің білім басқармасы модульді-жақтаулы бассейндерді сатып алды. Олар мектеп жанындағы және қала маңындағы лагерьлерде орнатылды. Ал мұғалімдер мен тәрбиешілерге алғашқы медициналық көмекті қалай жасау керектігі көрсетілді.
– Қала сыртындағы 9 лагерде 7 мыңға жуық бала сауығып жатыр, тағы 32 мың бала – тамақ берілетін мектеп жанындағы лагерьлерде және 110 мың бала тамақтанбайтын лагерьлерде демалуда. Педагогикалық отрядтардан 200 студент мұғалімдерге көмекке тартылды. Барлық аудандар мен қалаларда жаз бойы «Қауіпсіз жаз», «Қауіпсіз аттракцион», «Қауіпсіз лагерь» профилактикалық акциялары өтеді. Облыста 10 бассейн орнатылды, жыл соңына дейін тағы 10-ын сатып алу жоспарлануда, – деп брифингте Білім басқармасының бас маманы Сарқыт Үсенова хабарлады.
Сондай-ақ, мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерь қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және жазғы кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша семинарларға қатысты. Жаз аяғына дейін облыста 160 мың оқушыны жайлы демалыспен және еңбекпен қамту жоспарлануда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -