Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
2024 жылғы 22 мамырда "Ақтас поселкесі әкімінің аппараты" ММ үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі үшін "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңымен танысу және Ақтас кенті бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру барысы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы шеңберінде азаматтық қоғамды шешім қабылдау үдерістеріне тарту үшін тиімді институционалдық-құқықтық негіз қалыптастырылды. "Ашық үкімет" электрондық платформасында ашық деректердің бес порталы құрылды: "Ашық бюджеттер", "Ашық НҚА", "Ашық деректер", "мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау", "Ашық диалог". Бұл ресурстар азаматтарға бюджеттік бағдарламаларды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылауға қатысуға, статистикалық ақпарат алуға және проблемалық мәселелермен мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларына жүгінуге мүмкіндік береді. Онлайн-режимде қаралуын қадағалай отырып, шағымдарды ыңғайлы және жылдам беруге мүмкіндік беретін "Е-өтініш" арнайы сервисін енгізу арқылы азаматтардың өтініштерімен жұмысты қайта іске қосу жүзеге асырылды. Жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді моделі дамуда, азаматтардың өңірлік маңызы бар маңызды мәселелерді шешуге қатысуына негізделген. Кент тұрғындарына аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі бастамаларды қолдауға мүмкіндік беретін "бюджеттің төртінші деңгейі" енгізілді.Бюджеттің төртінші деңгейін қалыптастыру арқылы халықтың бюджет қаражатының не жұмсалатынын өз бетінше айқындауға мүмкіндігі бар. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың әкімдерін сайлау енгізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту пайымы
Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдеттегі іс-қимылдан қоғамдық сананың түбегейлі өзгеруіне, халықтың сыбайлас жемқорлық пен непотизмнің кез келген нысандарын қабылдамауына, алдын алу шараларының басымдығына көшуге бағытталған.Алдағы кезеңге қол жеткізілген нәтижелерді, халықаралық стандарттар мен стратегиялық мақсаттарды ескеретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұтас саясатты дамыту жалғастырылатын болады. Әзірленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын, әсіресе "тұрмыстық" алғышарттарды кешенді жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тартуға бағытталатын болады. Сыбайлас жемқорлықтан абсолютті бас тартуға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, тәрбие және білім беру шараларын жүйелеу, мемлекеттік аппарат пен бизнес-қоғамдастық өкілдерін парасатты мінез-құлыққа ынталандыру жолымен қол жеткізілетін болады. Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, оның ішінде олардың нақты үлесін бағалаудың жария жүйесін енгізу жолымен неғұрлым мүдделі және белсенді болады. Азаматтардың сыбайлас жемқорлық алғышарттарының болуы туралы сигналдары кейінгі ден қою шараларын қабылдау үшін үлкен деректерді талдау шеңберінде де пайдаланылуы тиіс."1424" Call-орталығы кадрлық және техникалық аспектілерде озық стандарттарға сай болады. Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша флайерлер таратылды, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -