Сыбайлас жемқорлықтың салдары, оны алдын алу жолдары
2024 жылғы 1 қарашада «Сыбайлас жемқорлықтың салдары, оны алдын алу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге "Ақтас поселкесі әкімінің аппараты" ММ ұжымы, Актас кентінің мәдени-сауық орталығы, Актас кентінің № 2 ООК ұжымдары қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы ретінде Антикор ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы Тоқатов Руслан Алтайұлы сөз сөйледі.
Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық актілер бойынша түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында бұл мәселені шешуде, тек бірлескен күш-жігер арқылы қол жеткізуге болатыны атап өтілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -