Сыр елінің еңбеккерлері марапат төрінен көрінді: Қызылорда облысы, 18 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Сыр елінің еңбеккерлері марапат төрінен көрінді

Сыр елінің еңбеккерлері марапат төрінен көрінді

Сыр елінің еңбеккерлері марапат төрінен көрінді

Сыр елінің еңбеккерлері марапат төрінен көрінді

Сыр елінің еңбеккерлері марапат төрінен көрінді

Сыр елінің еңбеккерлері марапат төрінен көрінді

Сыр елінің еңбеккерлері марапат төрінен көрінді

Сыр елінің еңбеккерлері марапат төрінен көрінді

Сыр елінің еңбеккерлері марапат төрінен көрінді

Сыр елінің еңбеккерлері марапат төрінен көрінді

Сыр елінің еңбеккерлері марапат төрінен көрінді

Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы өтті. Форумға аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев бастаған облыс делегациясы қатысуда. Делегация құрамында Қазақстанның Еңбек Ерлері Абзал Ералиев, Имамзада Шағыртаев, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, саланың және 50-ден астам шаруа қожалығының басшылары бар. Президент Жарлығымен Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында елдің агроөнеркәсіп кешеніндегі жемісті еңбегі, отандық ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін Сыр өңірінің еңбеккерлері де «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Адал ісімен көпке үлгі болған, ерте көктемнен егіс даласында тер төгіп, жоғары жетістіктерге жеткен еңбек адамдары марапат төрінен көрінді. Олардың қатарында Қазалы ауданындағы «РЗА Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс бригадирі Балғазы Томай бар. Сонымен қатар, Жалағаш ауданындағы «Агрохимсервис-С» ЖШС директоры Сергей Ким «Құрмет» орденіне, Қармақшы ауданындағы «Ақжар» шаруа қожалығының егіс бригадирі Қанат Төралиев, Арал ауданындағы «Қуаныш» шаруа қожалығының жұмысшысы Төрехан Бердімағамбетов, Шиелі ауданындағы «Халықберді» жеке шаруа қожалығының күрішшісі Жұмабек Бүрісов «Ерен еңбегі үшін» медаліне лайық деп танылды.

 



Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Кызылординской области»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы өтті. Форумға аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев бастаған облыс делегациясы қатысуда. Делегация құрамында Қазақстанның Еңбек Ерлері Абзал Ералиев, Имамзада Шағыртаев, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, саланың және 50-ден астам шаруа қожалығының басшылары бар. Президент Жарлығымен Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында елдің агроөнеркәсіп кешеніндегі жемісті еңбегі, отандық ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін Сыр өңірінің еңбеккерлері де «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Адал ісімен көпке үлгі болған, ерте көктемнен егіс даласында тер төгіп, жоғары жетістіктерге жеткен еңбек адамдары марапат төрінен көрінді. Олардың қатарында Қазалы ауданындағы «РЗА Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс бригадирі Балғазы Томай бар. Сонымен қатар, Жалағаш ауданындағы «Агрохимсервис-С» ЖШС директоры Сергей Ким «Құрмет» орденіне, Қармақшы ауданындағы «Ақжар» шаруа қожалығының егіс бригадирі Қанат Төралиев, Арал ауданындағы «Қуаныш» шаруа қожалығының жұмысшысы Төрехан Бердімағамбетов, Шиелі ауданындағы «Халықберді» жеке шаруа қожалығының күрішшісі Жұмабек Бүрісов «Ерен еңбегі үшін» медаліне лайық деп танылды.</p> <p> </p>

Аймақтағы жаңалықтар