Сыр өңірінің аграрлық саласында жоғары көрсеткіштер бар: Қызылорда облысы, 23 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Сыр өңірінің аграрлық саласында жоғары көрсеткіштер бар

Сыр өңірінің аграрлық саласында жоғары көрсеткіштер бар

Сыр өңірінің аграрлық саласында жоғары көрсеткіштер бар

Сыр өңірінің аграрлық саласында жоғары көрсеткіштер бар

Сыр өңірінің аграрлық саласында жоғары көрсеткіштер бар

Сыр өңірінің аграрлық саласында жоғары көрсеткіштер бар

Сыр өңірінің аграрлық саласында жоғары көрсеткіштер бар

Сыр өңірінің аграрлық саласында жоғары көрсеткіштер бар

Сыр өңірінің аграрлық саласында жоғары көрсеткіштер бар

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы өнімдері көлемін арттыру бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың мәліметіне қарағанда, Сыр өңірі минералдық тыңайтқыштарды пайдалану көрсеткіші бойынша 1-орында, суды үнемдеу технологияларын енгізу бойынша 2-орында. Мұнан бөлек, өңірде арнайы техника паркін жаңарту көрсеткіштері жоғары.Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Үкімет басшысына егіс құрылымын әртараптандыру және су үнемдеу технологияларын енгізу шараларын баяндады.«Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемін 2 есе арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Қызылорда облысында 2024-2028 жылдарға арналған жол картасы бекітілді. Жол картасында 2024 жылға 18 көрсеткіш белгіленген, бүгінгі күні 5 көрсеткіш орындалды, 13 көрсеткіш жыл қорытындысымен толық орындалады. Биылға бөлінген 3 млрд. 700 мың текше метр су лимитіне сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдары 190,9 мың гектарға, оның ішінде күріш 82 мың 400 гектарға егілді. Өткен жылмен салыстырғанда күріш егісі 6 мың 600 гектарға қысқарып, мал азықтық дақылдар көлемі 2 мың 400 гектарға ұлғайды. 2028 жылға қарай күрішті 72 мың 200 гектарға дейін оңтайландырып, су үнемдеу технологиясы арқылы мал азықтық және жүгері, көкөніс, бақша дақылдары көлемін көбейтеміз», - деді аймақ басшысы.Күріш мелиоративтік дақыл болғандықтан, су үнемдеудің бірден-бір жолы – лазерлік тегістеу. Кейінгі жылдары шаруалар күріш атыздарына жасалған лазерлік тегістеу арқылы суды 20 пайызға дейін үнемдеп, өнімділікті 30 пайызға дейін көтеруге болатынына көз жеткізді. Биылғы күріш егістігінің 55 мың гектары лазерлік тегістелді. Алдағы жылдары барлық алқап лазерлік тегістеуден өткізілетін болады. Осылайша егіс көлемі азайғанмен агротехнологияларды қатаң сақтау, минералды тыңайтқыштарды өз деңгейінде пайдалану, тұқым сапасын жақсарту, жаңа сорттарды өндіріске енгізу арқылы өнімділікті 20-25 пайызға дейін арттыруға толық мүмкіндік бар. Осының есебінен жыл сайын 450-460 мың тонна күріш өндіру көзделуде. Бұл көлем еліміздің күрішке қажеттілігін толық қамтамасыз етеді және экспорттық әлеует сақталады.Аймақта күріштен басқа дақылдарға су үнемдеу технологияларын енгізу былтыр 872 гектар болған, биыл 4 мың 393 гектарға жеткізілді. Алдағы жылдары оның көлемі 34 мың 200 гектар болмақ. Бұл бағытта 3 ірі инвестициялық жоба қолға алынуда. «Таң ЛТД» ЖШС қытайлық компаниямен бірлесіп, 3 мың гектарға тамшылатып суару әдісімен дән жүгері, «РЗА Агро» ЖШС жаңбырлатып суару әдісімен 1000 гектарға сүрлемдік жүгері, «Camel Pro» ШҚ 800 гектарға жоңышқа екті.Облысқа инвестиция тарту мақсатында агроөнеркәсіптік кешендегі 2024-2026 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың жол картасы әзірленді. Онда 51,3 млрд. теңгенің 30 инвестициялық жобасы қамтылған. Биыл 13 инвестициялық жоба жоспарланып, бүгінгі күні 6-уы іске қосылды. Атқарылған шаралардың нәтижесінде биылғы 6 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 104 пайызға артты. Оның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімі 104,4 пайызға, мал шаруашылығының өнімі 104,3 пайызға ұлғайды.Нұрлыбек Машбекұлы өз баяндамасында биыл көктемгі егін егу және дала жұмыстарына «Кең дала-2» жобасы шеңберінде 10 млрд. теңге жеңілдетілген несие бөлінгенін айтып, Сыр диқандарына қолдау көрсеткені үшін Үкімет басшысына алғысын жеткізді.



Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Кызылординской области»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы өнімдері көлемін арттыру бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың мәліметіне қарағанда, Сыр өңірі минералдық тыңайтқыштарды пайдалану көрсеткіші бойынша 1-орында, суды үнемдеу технологияларын енгізу бойынша 2-орында. Мұнан бөлек, өңірде арнайы техника паркін жаңарту көрсеткіштері жоғары.Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Үкімет басшысына егіс құрылымын әртараптандыру және су үнемдеу технологияларын енгізу шараларын баяндады.«Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемін 2 есе арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Қызылорда облысында 2024-2028 жылдарға арналған жол картасы бекітілді. Жол картасында 2024 жылға 18 көрсеткіш белгіленген, бүгінгі күні 5 көрсеткіш орындалды, 13 көрсеткіш жыл қорытындысымен толық орындалады. Биылға бөлінген 3 млрд. 700 мың текше метр су лимитіне сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдары 190,9 мың гектарға, оның ішінде күріш 82 мың 400 гектарға егілді. Өткен жылмен салыстырғанда күріш егісі 6 мың 600 гектарға қысқарып, мал азықтық дақылдар көлемі 2 мың 400 гектарға ұлғайды. 2028 жылға қарай күрішті 72 мың 200 гектарға дейін оңтайландырып, су үнемдеу технологиясы арқылы мал азықтық және жүгері, көкөніс, бақша дақылдары көлемін көбейтеміз», - деді аймақ басшысы.Күріш мелиоративтік дақыл болғандықтан, су үнемдеудің бірден-бір жолы – лазерлік тегістеу. Кейінгі жылдары шаруалар күріш атыздарына жасалған лазерлік тегістеу арқылы суды 20 пайызға дейін үнемдеп, өнімділікті 30 пайызға дейін көтеруге болатынына көз жеткізді. Биылғы күріш егістігінің 55 мың гектары лазерлік тегістелді. Алдағы жылдары барлық алқап лазерлік тегістеуден өткізілетін болады. Осылайша егіс көлемі азайғанмен агротехнологияларды қатаң сақтау, минералды тыңайтқыштарды өз деңгейінде пайдалану, тұқым сапасын жақсарту, жаңа сорттарды өндіріске енгізу арқылы өнімділікті 20-25 пайызға дейін арттыруға толық мүмкіндік бар. Осының есебінен жыл сайын 450-460 мың тонна күріш өндіру көзделуде. Бұл көлем еліміздің күрішке қажеттілігін толық қамтамасыз етеді және экспорттық әлеует сақталады.Аймақта күріштен басқа дақылдарға су үнемдеу технологияларын енгізу былтыр 872 гектар болған, биыл 4 мың 393 гектарға жеткізілді. Алдағы жылдары оның көлемі 34 мың 200 гектар болмақ. Бұл бағытта 3 ірі инвестициялық жоба қолға алынуда. «Таң ЛТД» ЖШС қытайлық компаниямен бірлесіп, 3 мың гектарға тамшылатып суару әдісімен дән жүгері, «РЗА Агро» ЖШС жаңбырлатып суару әдісімен 1000 гектарға сүрлемдік жүгері, «Camel Pro» ШҚ 800 гектарға жоңышқа екті.Облысқа инвестиция тарту мақсатында агроөнеркәсіптік кешендегі 2024-2026 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың жол картасы әзірленді. Онда 51,3 млрд. теңгенің 30 инвестициялық жобасы қамтылған. Биыл 13 инвестициялық жоба жоспарланып, бүгінгі күні 6-уы іске қосылды. Атқарылған шаралардың нәтижесінде биылғы 6 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 104 пайызға артты. Оның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімі 104,4 пайызға, мал шаруашылығының өнімі 104,3 пайызға ұлғайды.Нұрлыбек Машбекұлы өз баяндамасында биыл көктемгі егін егу және дала жұмыстарына «Кең дала-2» жобасы шеңберінде 10 млрд. теңге жеңілдетілген несие бөлінгенін айтып, Сыр диқандарына қолдау көрсеткені үшін Үкімет басшысына алғысын жеткізді.</p>

Аймақтағы жаңалықтар