ІТ-Aiel тегін білім беру жобасының екінші бөліміне қабылдау басталды
IТ-Aiel білім беру жобасы әйелдерге арналған. Бұл бастама ІТ саласында өз орнын табуға және цифрлық технологиямен ақша табуға көмектеседі. Тілек білдірушілер тегін оқытылады. Қазір екінші толқынға қатысушылар қабылдануда.
Жоба өткен жылы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен енгізілді. Серіктестер: Astana Hub және ТechnowэWomen коммерциялық емес ұйымы.
Биыл қатысамын деп ниет білдірушілер үшін мүмкіндіктер көбірек бола түсті. Егер бірінші ағымға тек жұмыссыз әйелдер, бала күтімі бойынша демалыстағы аналар мен студенттер тартылса, енді ешқандай шектеулер жоқ. Жаңа дағдыларды игергісі келетін 18 жастан асқан кез келген қазақстандық оқудан өте алады.
Бағдарламаға вебинарлар, воркшоптар және тікелей эфирлер кіреді, ІТ-Aiel қатысушыларына веб-сайттар, мобильді қосымшалар, чат-боттар және басқа да сандық өнімдер жасауды үйретеді. Биыл жаңа бағыттар қосылды. Мысалы, электронды сауда курсы енгізілді.
Сайтта 24 маусымға дейін өтініш беріп үлгеру керек https://education.astanahub.com/it-aielkz. Содан кейін бірден үш айға созылатын оқу басталады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -