Құтқарушы күні қарсаңында: cүңгуір-құтқарушы Андрей Катасонов
Андрей Катасонов ТЖМ жүйесінде 2017 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қазіргі уақытта ол Ұлытау облысының Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы болып табылады, онда авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға белсене қатысады.
«Құтқарушы жұмысы мені бала күнімнен қызықтырды. Жезқазған туып өскен қаламда Кеңгір су қоймасы бар және мен бала кезімнен сүңгуір болуды армандадым. Міне осылайша әскерден кейін бірден құтқарушылар жасағының қатарына қосылдым. Құтқарушы болу үшін жүрек, табандылық керек. 7 жыл осы салада қызмет атқарудамын, бір сәтте осы мамандығымды басқа мамандыққа ауыстыру туралы ой болған емес. Бұл нағыз ер адамдардың жұмысы болғаннан кейін осы мамандық иесі болғаныма, адамдарды құтқаруға септігім тиіп жатқанына қуанамын», - деді құтқарушы.
Андрей біршама құтқару жұмыстарына белсенді қатысқан батырлардың бірі. Петропавл қаласының су тасқыны салдарын жоюға белсенді қатысты. Сүңгуір ретінде ол адамдарды құтқару үшін көптеген құтқару операцияларын жасады.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -