Құтқарушы күні қарсаңында: өрт сөндіруші Нұрланбек Сағын
Қызыл жалынмен арпалысқан өрт сөндірушілердің еңбегі ерен. Бұл салада қызмет ету үшін үлкен жүрек керек. Оқыс жағдай кезінде жылдам шешім қабылдап, табандылық таныту маңызды. Сондай-ақ төтенше жағдайларда адал әрі сапалы қызмет атқарып жүрген, Қызылқоға аудандық №10 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Нұрланбек Сағын 1999 жылы 11 қарашада Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында дүниеге келген.
Азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 2020 жылы бастады. Өзінің жауапкершілігі мол, қызметіне адал, берілген тапсырманы дер кезінде сапалы орындай білетін қасиеті еленіп, күні бүгінге дейін кәсіби шеберлігімен орын алған өрттерді нәтижелі сөндіру арқасында адам өмірі мен халықтың құндылығын сақтауда бар күш жігерін салуда.
Соның нәтижесінде «2023 жылы үздік өрт сөндіруші–құтқарушысы» атағына ие болған. Үздік құтқарушының спортта да жетістіктері жетерлік. Аудан көлемінде өткен кіші аяқ добы жарыстарына қатысып, бөлім қызметкерлерімен бірге бірнеше рет жеңімпаз атанған. Сондай ақ өрт сөндіру-құтқару спортынан жарысқа қатысып, жүлделі орындарды қанжығасына байлаған.
Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -