Құтқарушы күні қарсыңында: оқытушы Әлішер Қарақанов
М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының практикалық оқу бөлімінің қарауыл бастығы-маман Әлішер Қарақанов азаматтық қорғау органдарында 10 жылдан астам қызмет етіп келеді. 1993 жылы 25 қазанда Көкшетау қаласында дүниеге келген.
Жоғары техникалық колледжде техник-механик мамандығы бойынша оқыды. «ҚР ҰҚК ПҚ» Қарулы Күштерінде «Байланыс басқармасының командирі» лауазымында қызмет етті.
Әскерден кейін Щучье қаласындағы АӨБ-7 арнайы жасағында «өрт сөндіруші-құтқарушы», «аға өрт сөндіруші-құтқарушы», «бөлімше командирі» сияқты түрлі лауазымдарда 3 жыл қызмет етті.
2017 жылдың қазан айында ол жерден Азаматтық қорғау академиясына Газ және түтіннен қорғау қызметінің аға шебері қызметіне ауысты. Мұнда ол сырттай оқуға түсіп, алғашқы офицерлік шендерін алды.
Аға лейтенант Қарақанов 2 жылдан бері маман-қарауыл бастығы қызметін атқарып келеді.
«Менің мақсатым – курсанттар өртте қаза болғандардың қателігін қайталамау үшін бар білгенімді, қолымнан келгенді үйрету. Құтқарушы мен үшін супермен емес, ол өзгенің мүддесі үшін өмірін қатерге тігіп, ақша үшін емес, басқаларға көмектесу үшін жұмыс істейтін адам», - дейді жас офицер.
Бүгінде Әлішер екі ұл тәрбиелеп отыр.
ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы
Азаматтық қорғау академиясының
баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -