Құтқарушы күні: құтқарушы Дастан Қыдырмоллаев
ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы құтқару бөлімшесінің құтқарушысы, 3-ші дәрежелі альпинист Дастан Қыдырмоллаев: «Мен әрқашан адамдарға көмек көрсетуге ниеттімін».
Төтенше және экстремалды жағдайларда адамдарды құтқару - ең қиын әрі жауапты мамандықтардың бірін таңдаған ол құтқарушы болып 2023 жылдан бастап жұмыс істейді. Адамдарға көмектесу оның басты мотиваторы болып табылады, алғашқы жұмыс күндерінен бастап одан әрі нығая түсті.
Құтқарушы болып жұмыс істеген қысқа мерзім ішінде Дастан Қазақстанның көптеген өңірлерінде болып, төтенше жағдайлар аймақтарында жұмыс істеді, атап айтқанда адамдарды қар құрсауында, таулы жерлерде құтқару жұмыстарында, биік нысандарда, жол-көлік оқиғаларына ұшыраған адамдарға көмек көрсетуде, сондай-ақ өзендерде өтпе жолдарды ұйымдастыруға қатысты.
Қысқа мерзім ішінде Дастан альпинизм бойынша үшінші разрядқа ие болып, арнайы авариялық-құтқару құралдарын қолдануды және оларды жұмыста қолдануды үйренді, ТЖ-да зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді, ең қиын жағдайларда жауапты шешімдер қабылдау дағдыларын игерді.
Куш ауылында жоғалған үш жасар баланы іздеу жұмыстары оның алғашқы шақыртуларының бірі болды.
Ол Қордай асуында қиын климаттық жағдайларда қар құрсауында қалған адамдарды құтқару операциясына да қатысты.
«Менің таңдаған мамандығымды туыстарым мен жақындарым қолдайды», - деп Дастан бөлісті. Барлық қиындықтарға қарамастан, ол өз мамандығын бағалайды және Республикалық жедел-құтқару жасағы сияқты ұйымшыл ұжымда құтқарушы қызметін әрі қарай жалғастыруға ниетті. Өзара көмек пен достық Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушыларының табысты жұмысының негізі болып табылады.
Болашақта Дастан құтқарушы–альпинист ретінде өз дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ сүңгуір ісін игеруге және халқымыз бен Отанымыздың игілігі үшін жұмыс істеуге бар күшін салады!
ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -