Құтқарушылар түні бойы Зеренді ауданында өртті сөндірді
Кеше сағат 20:32-де Зеренді ауданында жалпы ауданы 7 га құрғақ шөп пен орман төсемі өртенді.
Өрт ошақтарына дереу құтқарушылар топтары тартылды. Сөндіруге ТЖД, ЖАО, «Куйбышевский лесхоз» КММ және «Алтын тау «АҚ МЕӨҚҚ жеке құрамның 76 адамы және 20 техникасы жұмылдырылды.
Өртті сөндіру желдің қатты екпінімен қиындады. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттері мен қабылданған шаралардың арқасында өрт бүгін таңғы сағат 06:35-те толығымен жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -