Құтқарушылар түні бойы Зеренді ауданында өртті сөндірді
Кеше сағат 20:32-де Зеренді ауданында жалпы ауданы 7 га құрғақ шөп пен орман төсемі өртенді.
Өрт ошақтарына дереу құтқарушылар топтары тартылды. Өртті сөндіруге ТЖД, ЖАО, «Куйбышевский орман шаруашылығы» КММ және «Алтын тау «АҚ МЕӨҚҚ жеке құрамнан 76 адам және 20 техника жұмылдырылды.
Өртті сөндіру желдің қатты екпінімен қиындады. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттері мен қабылданған шаралардың арқасында өрт бүгін таңғы сағат 06:35-те толығымен сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -