Құтқарушылар тұрғындарға Жайық өзеніне шомылмауды ескертті
Бұл туралы ТЖ жою басқармасының бастығы Жантөре Сәндібекұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
«Жайық өзенінің ағысы қатты болуына байланысты халықтың суға шомылуы әзірге өте қауіпті. Сондықтан жағажай орындары ашылғаннан кейін ғана рұқсат етілген жерлерге шомылуға кеңес береміз. Өздеріңізге таныс емес немесе жабайы жағажайға бармауларыңызды ескертеміз» деді спикер.
Ескерте кетейік, ТЖ байланысты Атырау қаласында суға түсетін орындар әлі ашылған жоқ.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -